Ресейде тіркеуде тұрған 9 көлікті ұрлаған қостанайлық ұсталды

Фото: видео кадры

Қостанайда полиция Ресейде тіркеуде тұрған 9 көлікті ұрлаған адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күдікті - Тобыл қаласының 28 жастағы тұрғыны. Бір айдың ішінде полицияға 9 автокөлік иесі ұрлық туралы арызбен жүгінген. Түнде тұрғын үйлердің аулаларында қалдырылған ВАЗ маркалы барлық көлік ресейлік есепте тұрған.

"Таңертең иелері көлікті таппай полицияға жүгінген. Барлық деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сот тергеуі басталды. Қылмыс схемасы бірдей болғандықтан, полиция қызметкерлері талдау пункттерін пысықтай бастады. Рудный қаласындағы үйдің ауласынан бір көлік ұрланған, қалған 8-і облыс орталығында", - деді Қостанай қаласының ПБ бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Полиция Департаменті (@polisia_kostanay)

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы қылмыстарды жасады деген күдікті ұсталды.
Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында барлық көліктер тәркіленді.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен Қостанай қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина