"Үйлі болсақ деп армайдайтын едік". Блогер Ырысбала Икрамбай көпбалалы анаға кезекті 85-баспананың кілтін табыстады

Блогер Ырысбала Икрамбай 4 баласы бар жалғызбасты анаға кезекті баспана сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыған дейін де талай мұқтаж жанды үйлі еткен танымал блогер кезекті 85-баспананың кілтімен көпбалалы ананы қуантты. Ол туралы блогер өзінің Instagram-парақшасына жариялады. 

"85 аманатыңыз табысталды.

Ырысты армия!

Күн суытты ал бұл төрт балапанның көпшілік сыйлаған жылы баспанасы бар!

Осының бәрі сіздердің арқаларыңызда!

Шын алғыс, мың алғыс!", - делінген жазбада.

Видеодан балалардың үйлі болуды армандағаны туралы айтқанын көруге болады.

"Басқаша сезім, ол сезімді айтып жеткізе алмаймын. Бізде үй жоқ еді, кейін үйлі болсақ деп армандайтын едік. Сабақ оқитын кезде сыймай, қысылысып, тіпті сабақ оқымай баратын кездеріміз де болды. Енді әрқайсысымыз жеке отырып сабақ оқимыз", - дейді қыз.

Тағы да оқи отырыңызыдар: Етті неге жууға болмайды?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!