Ақтөбе облысында немересі әжесін үйден шығару үшін сотқа шағым түсірген

Ақтөбе облысында немересі әжесін үйден шығару үшін сотқа шағым түсірген
Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы немересінің әжесін тұрғын үйден шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 30 жыл бұрын ерлі-зайыпты ортақ үй салған. Балалары мен немерелері сонда өскен. Қызының келісімі бойынша зейнеткерлер немересіне үйдегі үлестерін берді. Қарт адамдар үйде тұрып, коммуналдық төлемдер мен мүлік салығын төлеп келген.

"Отбасылық жанжалдан кейін немересі әжесі мен туған ағасын отбасымен бірге тұратын үйден шығару туралы сотқа арызданған. Ол үйдің заңды және жалғыз иесі екенін айтқан", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Бірінші сатыдағы сот зейнеткерді үйден шығару туралы шешім шығарды, бірақ апелляциялық алқа шешімді өзгертті.

"Зейнеткердің есту қабілеті нашар, созылмалы аурулары бар. Жасы ұлғайғанын, талапкер мен оның арасындағы туыстық қарым-қатынасты, даулы тұрғын үйде ұзақ тұруды ескере отырып, парасаттылық пен әділеттілік критерийлерін ескере отырып, әжесін шығарудан бас тарту туралы шешім қабылданды", - делінген қаулыда.

Құжат заңды күшіне енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан