Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген

Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz оқырмандары редакцияға алдыңғы аптада Алматыдағы емханалардың бірінің темекі шегетін бөлмесінде әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, оған 8-10 рет пышақтаған. Оқырмандардың айтуынша, қылмыскерді сол маңдағы бизнес орталықтың жүргізушісі ұстаған.

Алматы полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Алматы полиция департаментінің тергеу бөлімі бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы ("Қылмысқа дайындалу және оқталу") және Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша тергеп жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан