Алматыда ер адам тірідей өртеніп кеткен: оқиғаға қатысты күтпеген дерек шықты

Алматыда Түрксіб ауданындағы бағанада ток соғып, қаза тапқан ер адам электрик емес болып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"12 қазанда 10 кВ әуе желісін жөндеуден кейін Талғар тарату аймағының балансындағы №2-13И фидері қосылды. 10кВ әуе желісін қосқанда, қысқа тұйықталу болып, апат жағдайында өшірілді. Кейін куәгерлер ТП-2627 жекеменшік краны ЛР-10кВ бағанасында бөгде адамды ток соққанын хабарлады. Ер адамның бағанаға шығу мақсаты белгісіз. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өкілдері.

Марқұм - 1986 жылы туған ер адам.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам тірідей өртеніп кеткені хабарланған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!