Атырауға жұмысқа келген америкалық кіші жүздің руларын жаттап, қазақша үйрене бастаған

Атырауға жұмысқа келген америкалық кіші жүздің руларын жаттап, қазақша үйрене бастаған
Фото: Жеке мұрағаттан

Шетелдік Хеймиш Полс Атыраудағы америкалық компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Қазақстанға қоныс аударғалы бері ол жай ғана жұмыс істеп қоймай, қазақ халқының салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігі туралы көп зерттеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сәлеметсізбе", "рақмет" деген сияқты жеңіл сөздерді де меңгеріп алған Хеймиш Полс қазақ тілін, мәдениетін меңгеруге деген ұмтылысы ұжымда командалық рухтың сақталуына да оң әсер етіп отырғанын айтты.

"Кіші жүзде 4 тайпа, 31 ру бар. Тіпті, менің жұмыс кабинетімде әр рудың атауы жазылған тұмарлар ілулі тұр. Мені қазақ мәдениетінің жан-жақтылығы таң қалдырады. Қазақ халқының бай мәдениетін, рухани құндылықтарын құрметтеймін. Егер сіз шыдамды болсаңыз және жаңа білуге құштар болсаңыз, айналаңызда үнемі ішкі әлемі терең адамдар жүрсе, сізге қазақтың бай және алуан түрлі мәдениеті мен дәстүрлерінің бай әлемі ашылады", - дейді Хеймиш Полс.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы