Ірі қалалар 5G-ға қашан қосылатыны белгілі болды

Ірі қалалар 5G-ға қашан қосылатыны белгілі болды
Фото: elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздегі ірі қалалар 5G жылдам интернет желісіне қашан қосылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда жоспар бойынша 700 базалық станция орнатылып жатыр. Жыл соңына дейін операторлар мыңнан аса базалық станция орнатады", - деді министр Digital Bridge форумының алаңында өткен брифингте.

Бағдат Мусин барлық ірі қалада 5G байланысын ортану үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"2025 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары республикалық маңызы бар қалалардың 75 пайызын және облыс орталықтарының 60 пайыздан астамын қамтып, тапсырманы орындайтынына толық сенемін. Демек, 2025 жылдың соңына дейін әрбір облыс орталығында аумақтардың 60 пайыздан астамы 5G технологиясымен қамтылады", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина