"Басқа бір қызды ұнатты". Азамат Сатыбалдының әйелі актермен қалай танысқанын айтты

"Басқа бір қызды ұнатты". Азамат Сатыбалдының әйелі актермен қалай танысқанын айтты
Фото: Видеоскрин

Актер Азамат Сатыбалдының жары Назгүл Қарабалина өнер иесімен қалай танысқаны туралы "DastarХан" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Назгүл Қарабалинаның айтуынша, күйеуімен алғаш рет академияда танысқан.

Екеуміз бір топта, бір ұстазда оқыдық. Емтихан қабылдау залында рұқсат ала алмай, көңіл-күйім болмай отырғанмын. Ұзын бойлы бес жігіт кіріп келді. Іштей бір сезім келді ме, түсінбеймін. Бұрылып қарасам, Азаматқа көзім түсті. Көз алмай қарап қалдым. Әрі қарай не ойлағанымды білмеймін. Ол кезде мұндай сүйкімді де болған жоқ. Сөйтіп, бірден келіп, сахнаға шығып, рұқсат алды. Мен одан сайын ашуландым. Төрт күннен бері өте алмай жүрмін ғой, ал ол бірден келді де, рұқсат алып кетті. Оқуға түскен соң Азамат топ басшысы болды. Батыстың қызымын, тік мінезім бар. Бір-бірімізді жақтырмай жүрген сәттер болды. Кейін жақсы көріп кеттік", - деді ол.

Өнер иесінің жары актерға қойындәптер арнап, ішіне өлеңдер мен тілек жазған.

"Мұны естісе, әке-шешем ұрсады. Шыны керек, академияда оқығанда Азамат мені онша ұнатыңқыраған емес. Азаматқа алғаш ғашық болған мен едім. Оның маған "көңілі ауса, байқаса екен" деген сәттер болды. Қойын дәптер арнап, өлеңдер де жаздым. Ол кезде Азамат басқа бір қызды ұнатып жүрді. "О Алла, егер Азамат маған назар аударса, біз екеуміз үйленсек, әке-шешесі мен бауырларына қарайтын едім. Тек екеумізге қосылуды нәсіп етші" деп жазған болатынмын. Сөйтіп, оны бір күні Азамат оқып қойыпты. Содан кейін ойланған болу керек. Дұрыс қой, сондай адам керек қой. Оныкі енді басында есеппен, менікі шынайы болды. Қазір мені жақсы көреді. Азаматтың сүйіспеншілігінен де маған қатты қымбат нәрсе - ата-енемнің маған деген махаббаты", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін актер Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалғаны туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бір айда қанша килограмға арықтауға болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы