"Мұндай қуанышты сезіну бұйырмайтын шығар". Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен қарым-қатынасы туралы айтты

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік парақшасында бөлісті. Оқырмандарының бірі одан Бибісарамен қарым-қатынасы туралы сұрады. 

"Жоқ, оған өмірде мұндай қуанышты сезіну бұйырмайтын шығар", - деп жазды ол. 

Еске салайық, наурыздың аяғында қазақ спортшыларының арасында жанжал пайда болды. Бибісара Асаубаева Instagram әлеуметтік желісінде халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті өзімшіл деп кәсіпқойлығына қатысты қатаң айыптаған жазбасын жариялады. Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікке "тұрмысқа шығып, борщ пісіріп отырған дұрыс" деді. 

Кейін Желіде шахматшылардың татуласқаны айтылды. 

Ал қыркүйекте Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында шахматшы қазақ қыздары Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік өзара кездесіп, тең түскен еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!