Шымкентте үндістандық студенттер келеңсіз жайтқа тап болған

Шымкентте үндістандық студенттер келеңсіз жайтқа тап болған
Фото: polisia.kz

Шымкентте үндістандық студенттер келеңсіз жайтқа тап болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде оқитын үндістандық үш студент туристерге қызмет көрсету жөніндегі полиция пунктіне жүгінген. Олар хабарландыру сайты арқылы оқу орнының маңынан жалға берілетін пәтер тапқан. Тұрғын үй иесі оларды жақын арада орналастыруға уәде беріп, 90 мың теңге алған. Алайда екі күн ішінде түрлі сылтау айтып, пәтерге орналастырмаған.

Туристік полиция инспекторлары үй иесімен байланысқа шықты. Тәртіп сақшылары онымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, бұл үшін жауапкершілік көзделгенін түсіндірген. Нәтижесінде ер адам ақшаны бірден шетелдіктерге қайтарып, кешірім сұрады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова