Астанада альпинистер биіктен құлап кеткен: бір адам қаза тапты

Астананың құрылыс алаңының бірінде 4 өнеркәсіптік альпинист биіктен құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымға редакция оқырмандары хабарласып, 12 қазанда түстен кейін салынып жатқан тұрғын үй кешені аумағында оқыс оқиға болғанын айтқан. Ақпаратқа сәйкес, адамдар биікте жұмыс істеп жатқан кезде 9-қабаттағы альпинистік жабдықтан құлаған. Олардың ішінде 1999 жылы туған 3 альпинист және 2002 жылы туған тағы бір жігіт болған. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Елордалық құқық қорғау органдары мұндай дерек тіркелгенін растады.

"Жұмысшылардың құрылыс нысанында құлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша "Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" соталды тергеу басталды.

Жедел жәрдем бригадасы келгенше 1 жұмысшы оқиға орнында қаза тапты, қалған 3 адам ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Астана ПД баспасөз қызметі өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!