Астанада ер адам өзінің танысын өлтіруге киллер жалдаған

Астанада ер адам өзінің танысын өлтіруге киллер жалдаған
Фото: видео кадры

Астанада ер адам танысының мүлкін жұмсап тастап, артынша оны өлтіріп тастаммақ болған , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кісі өліміне жол бермеді.

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен екі адам - адам өлтіруге тапсырыс беруші мен қылмыс жасамақ болған адам ұсталды", - дейді ПД өкілдері.  

Бұл қылмысқа қатысы бар адамдар Астана - Көкшетау тасжолында ұсталған. 

"Тінту кезінде автокөлік салонында қару мен бес патрон табылған. Сонымен қатар, кісі өлтіруге тапсырыс берген адамның үйінде тағы сондай 34 қару болған", - делінген хабарламада.  

Ұсталған адамдар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина