Алматыда жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлайтын 28 сейсмостанция орнатылды

Алматыда жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлайтын 28 сейсмостанция орнатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанда айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 18 тамызда Алматыны дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.

Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлайтын 28 сейсмостанция орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Төтенше жағдай кезінде адамдар жиналатын 545 қауіпсіз орын анықталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!