Психолог балаға жақсы баға үшін ақша беріп еркелетудің қаншалық дұрыс екенін айтты

Балаға мектептегі жетістік үшін ақшалай сыйақы беру кейін оның оқуға деген ынтасын жоғалтуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы психолог Богдан Дерябин Gazeta-ға айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, шыныменде балаға ақшалай сыйақы беріп, еркелету оның оқуға деген ұмытылысын арттырып, тез нәтиже береді, өйткені оқушы кез келген тәсілмен планшет, ойыншық, скутер сияқты қалағанына ақша табуға тырысады. Оған қоса, әдетте, төлем мөлшері біртіндеп артып, бала кішкентайынан ақша таба бастайды.

"Бұл әдіс басында жұмыс істейді, содан кейін әсер етпей қалады, ал салдары сізге ұнамауы мүмкін. Бала отбасыда тауар-ақша қатынастары мүмкін екенін түсінеді. Жақсы нәтиже үшін берілетін ақшалай сыйақы беру тоқтатылған кезде баланың оқуға деген құштарлығы тоқтайды, бұл бірінші салдар.

Екіншісі, біз баланың көңілін оқу мотивациясынан ақшалай мотивацияға аударамыз, баланың бар назары жаңа білім алуға емес жақсы баға алып, берілетін қаражатқа бағытталады. Ең қорқыныштысы, ата-анасы жоғарғы оқу орнына түсі үшін ақшамен ынталандырған кейбір балалар институтқа түскеннен кейін оқымай қалады. Өйткені олар оқудың не үшін керегін түсінбейді", - деп түсіндірді психолог.

Мұндай ынталандыру егер ата-ана балаға қаржылық сауаттылықты үйретуді мақсат етсе ғана болады.

"Ата-ана бала өз керегіне ақша алудың жалғыз жолы "5" деген баға емес екенін түсіну керек. Шектеу белгілеңіз, мысалы аптасына 500-ден 2000 теңгеге дейін және осы сомаға алған баға үшін сыйды қосыңыз. Оқушы үшін ең мықты мотивация - оған мектеп не үшін қажет екенін түсіну.

Ата-ана үшін баланың мүддесіне назар аударып, онымен болашақ мамандық туралы сөйлесу маңызды. Мамандығы туралы шешімді жасөспірім кезінде таңдаса, оқушының өзі университетте қандай пән қажет болатынын біліп, жақсы оқуға тырысады", - деп түйіндеді психолог.

Айта кетейік, бұған дейін ата-ана балаға айтпауы тиіс сөздер хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Құлаққаппен музыка тыңдау зиян ба?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!