Ең лас елдер рейтингі шықты: Қазақстан қай орында?

Numbeo жаһандық дерекқоры ең лас елдер рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рейтинг әртүрлі елдегі ластану деңгейін бағалайды: ауа мен судың ластануы, қоқыс шығару сапасы, көгалдандыру деңгейі және өмір сүруге қаншалық ыңғайлы екені.

Қазақстан 111 елдің ішінде 30-орында. Оның индексі - 73. Ең лас бес елдің қатарында Моңғолия, Мьянма, Ливан, Гана және Нигерия бар. Индекстері 92,4-тен 88,2-ге дейін жетеді.

Ең таза елдер Финляндия (11,8), Исландия (15,7) және Эстония (17,1) деп танылды.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан 73 индексімен 35-орында болған еді.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда журналистер лас ауаға байланысты митингіге шыққалы жатқаны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыз: Құлаққаппен музыка тыңдау зиян ба?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!