Онкология тұқым қуалай ма? Қазақстандық дәрігер-онколог жауап берді

Онкология тұқым қуалай ма? Қазақстандық дәрігер-онколог жауап берді
Фото: elements.envato.com

Адамның ата-анасы немесе ата-бабасы қатерлі ісікпен ауырған болса, баланың да бұл ауруға шалдығу ықтималдылығы неше пайыз? Бұл сұраққа дәрігер-онколог Бота Қуанова Желідегі парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман адам ағзасында қатерлі ісіктің даму қаупін арттыратын заттың тұқым қуалаушылыққа қатысы жоқ екенін айтып, адамның ауруға шалдығудағы салауатты өмір салтының маңызын түсіндірді. 

"Қазіргі адамдардың қате түсінігі осы ұғымнан басталады. Біз ата-тегімізден ДНҚ-ны тасымалдаушы ұрпақтармыз. Онкологиялық ауру адамның соңғы бір-екі атасында болмаса, оның арғы аталарында болуы мүмкін. Бұл тұқым қуалаушылық ақпарат. Адамның көз алдында таразы тұру керек, ол таразыда генетика 15 пайыз ғана алады. Әкесі не анасы қатерлі ісікпен ауырып жатқан адам да осы аурумен ауырады деген сөз емес. Генетика бұл тек қосып, өшіретін қосқыш секілді. Осы қосқышқа басатын тетік, бұл қалған 85 пайызды алатын эпигенетика, яғни адамның салауатты өмір салты, дұрыс ұйықтауы, дұрыс тамақтануы, уақытылы демалуы, спортпен айналысуы, өзіне ұнайтын жұмысты істеуі, стрессті басқаруы. Ол көп фактордан тұратын эпигентика деп аталатын нәрсе", - деді Бота Қуанова.

Айта кетейік, бұған дейін адамда қатерлі ісік бар-жоғын қалай анықтауға болатыны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыдар: Түсіңде жыласаң, не болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә