"Әкеңді өлтірдім, енді сені өлтіремін". Ер адам бұрынғы әйелін бес сағат бойы аяусыз ұрған

"Әкеңді өлтірдім, енді сені өлтіремін". Ер адам бұрынғы әйелін бес сағат бойы аяусыз ұрған
Фото: podrobno.uz

Өзбекстанда әлеуметтік желілерде адамшошырлық видео тарады. Онда әйел бұрынғы күйеуі азаптағанын және жауапты органдардың әрекетсіздігі туралы айтады. Сондай-ақ, әйел бұрынғы жұбайы психотроп заттардың әсерінен әкесін кескілеп тастағанын да мәлімдейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жәбірленуші 2017 жылы бұрынғы күйеуіне тұрмысқа шыққан, олардың ортақ баласы болған. 2019 жылы әйел күйеуімен ажырасып, баласымен бірге кез келген жерді паналаған. Бірақ заңгерлердің кеңесі бойынша ол бұрынғы жұбайының үйіне көшкен.

Бұл оқиға 8 қазанда болған. Әйел жалғыз қалғанда, бұрынғы күйеуі теледидар мен радионың дауысын қатты қосып, оны күштеп үйге кіргізіп, таңғы сағат 11-ден 4-ке дейін ұрып-соғып, пышақ жарақатын салған. 

Әйел бірнеше рет есінен танып, жіберуін өтінген. Ер адам әйелге өлер алдында ақтық сөзін айтуына болатынын жеткізген. Әйел су сұрап, ұлын көрсетуді өтінген. Осы кезде оның мекен-жайын білетін құрбысы әйелге қоңырау шалған. Содан кейін ғана ер адам қорқып, бұрынғы әйелін Ташкенттің республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығына өзі апарған. Сонымен қатар, әйелге органдарға шағымданса, өлтіретінін айтып қорқытқан.

Видеода жәбірленуші құзыретті органдардан көмек сұрайды. Басылым мәліметінше, ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

Еске салайық, бұған дейін Мәскеудегі пәтерлердің бірінен басы мен аяғы жоқ әйелдің денесі табылғаны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адам миына қанша ақпарат сыяды?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова