Қарызыңыз жоқ болса да, коллектор мазалай берсе, не істеу керек?

Қарызыңыз жоқ болса да, коллектор мазалай берсе, не істеу керек?
Фото: pixabay.com

Ешқандай қарызыңыз жоқ болса да, сізді коллектор мазалай бере ме? Бұл жағдайда өз құқығыңызды қалай қорғай аласыз? Бұл сұраққа заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бірінші кезекте кредиттік тарихыңызды тексеріңіз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кез-келген азамат күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін дербес кредиттік есеп алуға құқылы! Кредиттік есепті Мемлекеттік кредиттік бюродан (mkb.kz), Бірінші кредиттік бюродан немесе egov.kz. арқылы ала аласыз!

Соны алған соң егер коллекторлар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер жүзеге асырылса, сіз коллекторлық агенттіктің заң талаптарын сақтауын тексеру тұрғысынан Агенттікке жазбаша өтінішпен жүгіне аласыз.

Бұл өтінішке кез келген қосымша мәліметтерді, аудио, видео жазбаларды да қоса аласыз. Егер тексеру нәтижесінде заң бұзушылық расталса, коллекторлық ұйымға тиісті шаралар қолданылатын болады", - деді Мұхамедияр Нұрғалиұлы.

Оқи отырыңыз: Біреу қарызға ақша сұраса, қалай бас тартуға болады? 3 әдіс

А. Жапатова