"Мені өлтіретін шығар". Танымал актер Жан Байжанбаев неліктен әйелін көп көрсетпейтінін түсіндірді

Танымал актер Жан Байжанбаев неліктен әйелін көп көрсетпейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер әйелін туған күнімен құттықтап, жазба жариялаған. 

"Есімі Гүлнара. Егер мен ол туралы жазба жариялағанымды білсе мені өлтіретін шығар, себебі ол халық алдына көп шыға бермейтін адам. Оны киноға да шақырған, бас тартқан болатын, тіпті менімен премьераларға, фестивальдерге, басқа да кештерге бармайды, ондай қарбалас өмір ұнамайды. Мен өмірімде сондай әдепті, адал, ешкімге іштарлықпен қарамайтын, өсек айтпайтын әйелді кездестірмеппін. Өзін аяғанды ұнатпайды. Жақсы әңгімелеседі, әзілқой.    

(...) Азық-түлік түлік алуға базарға менімен бармай, бәрін өзі істегенді жөн көреді. Кез келген ұсақ техниканы жөндей алады. Оның үстіне, жақсы тігінші, тамақты да дәмді пісіреді", - дейді актер. 

Сонымен қатар, Жан Байжанбаев әйелі екеуі әлеуметтік желіде бір-біріне жазылмағанын атап өтті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!