Алматы облысында жер сілкінісі болды

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:27-де жерасты дүмпулерін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 249 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,0, MPV магнитудасы - 4,3", - делінген хабарламада.

Тағы да оқи отырыңыздар: Аяқ неге тартылып қалады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз