Тел-Авивтен қазақстандықтар мінген ұшақ Алматыға жетті

Тель-Авив (Израиль) әуежайынан ұшып шыққан, қазақстандықтар мінген Air Astana рейсі Алматыға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авивтен (Израиль) Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты.

Бортта 166 жолаушы бар, оның 124-і - Қазақстанның, ал 42-і - шетел азаматы.

Қазір Алматы әуежайында Massaget.kz журналистері де жүр.

Фото: Massaget.kz

Фото: Massaget.kz 

Фото: Massaget.kz

Фото: Massaget.kz

Айта кетейік, Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін шұғыл байланыс желісі жұмысын бастады. Онда консулдық есепке тұрмаған 400-ден аса қазақстандық жүруі мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Олар консулдық есепке тұрмаған.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!