Алматыда түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды

Алматыда түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды

Алматыда түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы Т.есімді азамат ұсталды, оның оң жақ шалбарының қалтасынан көк түсті изолентаға оралған, ұнтақ пен кесек пішінді, ашық түсті синтетикалық зат салынған үш байлам табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл - мефедрон есірткісі. Заттың нақты кімдікі екендігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 жастағы Т.есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан