Павлодарда самокат тепкен жасөспірімді көлік қағып кетті

Павлодарда самокат тепкен жасөспірімді көлік қағып кетті. Ол жаяу жүргіншілер өткелінен өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 10 қазанда сағат 09:00-де Торайғыров-Бектұров көшелерінің қиылысында "Тойота Камри" маркалы автокөлігі электросамокат тепкен 17 жастағы жасөспірімді қағып кетті. 

Жол-көлік салдарынан зардап шеккен жасөспірімге медициналық көмек қажет болды. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Көлік пен электросамокат айып тұрағына қойылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз