Абай облысында зейнеткердің есігін сындырып, мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды

Абай облысында зейнеткердің есігін сындырып, мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр

Абай облысының полицейлері зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, зейнеткерді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірімді анықтады.

Олар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тыңдалады, әрі қарай оларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге есепке қояды", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова