Үш жылда азайған: Қазақстанда қанша қария қарттар үйінде жүр?

Қариясы бар үй - қазыналы. Алайда бүгінде "қарттар үйі" қарттың орны болып бара жатқандай. Бұрын мүлде таңсық болған нәрсе бүгінде үйреншікті нәрсе болып кеткендей. Тек бір нәрсе қуантады: кейінгі үш жылда қарттар үйіне табысталған қариялар саны азая бастаған. Massaget.kz тілшісі қарттар үйіне қатысты статистикаға шолу жасады.   

Қазақстанда қанша қарттар үйі бар?

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар, оның ішінде жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын қарт адамдарда, мүгедектік және ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуына әкеп соқтырған адамдарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алуға құқылы.

"Оларға халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар нысанында құрылған жағдайларында ұсынылады", - делінген Massaget.kz тілшісіне берілген ресми жауапта. 

Бүгінгі таңда республика бойынша 2023 жылғы 1 жартыжылдығындағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 44 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы (қарттар үйі) жұмыс істеп тұр.

Қарттар үйінде қанша қария бар? 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қарттар мен 1-2 топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамдарға арналған стационарлық жағдайда қызмет көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында соңғы үш жылдықтың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында 18 071 қарт адамға қызмет көрсетілген.

"Жалпы кейінгі 3 жылдықтың көрсеткіштеріне сәйкес, 2021 жылы - 4 461, 2022 жылы - 4287 және 2023 жылдың 1 жартылдығының қорытындысы бойынша 4 243 қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді"

Ең көбі қай өңірде орналасқан?

Бүгінде елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 44 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары жұмыс атқарады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының ішінде:

- Шығыс Қазақстан облысында - 6 орталық;

- Ақмола және Батыс-Қазақстан облыстарында - 5 орталық;

- Қарағанды және Жамбыл облыстарында - 4 орталық;

- Қостанай облысында - 3 орталық;

- Абай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстары және Алматы қаласында 2 орталықтан;

- өзге өңірлерде 1 орталықтан бар.

Қарттар үйіндегі қарияларға қандай жағдай жасалады?

Қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес, келесідей жағдайларды жасауы тиіс:

  • қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тіршілік ету жағдайын жасау;
  • қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымнан тыс жерлерде өз бетінше және ешкімнің көмегінсіз тұруға дайындау;
  • қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсарту, келушілерді қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;
  • қызмет алушылардың интернетке қолжетімділігі үшін жағдайлар жасау;
  • қызмет алушылардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ішкі тәртіп қағидалары туралы хабардар ету;
  • қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 122-бабының 4-тармағында, 125-бабында белгіленген тәртіппен орындау;
  • ғимаратты санитариялық-эпидемиологиялық, қауіпсіздік нормаларына, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұстау;
  • стационарлық үлгідегі ұйымның ғимаратын тұруға ыңғайлы болу, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес арнаулы құралдармен жабдықтау;
  • стационарлық үлгідегі ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де қызмет қамтамасыз етіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!