Түркістан облысында 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды зорлап жүрген

Түркістан облысында 18 жастағы 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды зорлап жүрген. Бұл туралы "НеМолчи" қорының жетекшісі, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дина Таңсәрінің сөзінше, 2022 жылы басталған. 18 жастағы 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызбен танысып, оны пышақпен қорқытып, зорлап тастаған.

"Қыз қатты қорыққандықтан бұл оқиға жайлы ешкімге айтпаған. 18 жастағы жігіт егер біреуге айтатың болсаң, өз-өзіме қол жұмсаймын, өлер алдында хат жазып, онда сені кінәлі етемін деп қорқытқан. Осылайша, 2023 жылдың шілде айына дейін ол оны 9 рет зорлаған. Қыздың анасы білген кезде, ол Сайрам ауданы полиция бөліміне хабарласқан. Алайда іс әлі созылып, тергеу жалғасып келе жатыр", - деді Дина Таңсәрі.

Massaget.kz редакциясы бұл дерекке қатысты жауапты органдарға сұрау жіберді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!