Ырысбала Икрамбай қос көзі көрмейтін, қант диабетіне шалдыққан жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай мұқтаж жандарға 84-баспананы сыйлады. Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Ырысбала Икрамбай олардың қиын тағдыры туралы жазған еді.

"Қант диабетімен күресіп жүріп, он жылдан бері қос көзі 100 пайыз көрмей қалған 41 жастағы Гүлжан ана жатқанның үстіне жұдырық болып 14 жастағы қызы да жүректегі ақауына байланысты тіркеуде (учетта) тұрады. Бұл кісі де халықтың бір анасы, қаршадай ғана қызы көп болып жұмылып қолдап жіберсек, ең болмағанда бір бөлмелі үй болса да, өкіметтен алынатын 89.000 теңге пенсиясын, әке сымақтың белінен шыққан қызына төлейтін 18.800 теңгесін тамағы мен дәрісіне жұмсаса. Біз біріксек алынбайтын қамал жоқ", - деген еді ол.

Көптің арқасында блогер оларға баспана сыйға тартқан.

"Ырысты армияның, көптің қолдауымен алынған 84-баспана, мына үйге көзім тоймай жатыр. Бағасын берер өздеріңіз. Үлес қосқан әрбіріңізге шын жүректен бақ тіледім, бақыт тіледім!" - деп жазды блогер.

Желі қолданушылары жылы көрініске жақсы лебіздерін жазған:

Аллаға сансыз мадақтар болсын. Қандай керемет, бір мұқтаждың жанына жұбаныш сыйлау. Жыламай көру мүмкін емес, Рысбала жүз жасаңыз;

Құтты болсын Алла Тағала ұзақ ғұмыр берсін. Аналар жыламаса екен. Ырысбала сізгеде Алла Тағала ұзақ ғұмыр берсін, көзімнің жазы тоқтасайшы;

Жыламай көру мүмкін емес. Рысбала айналайын саған мың алғыс жүрегіміздің түкпіріндегі мейірімді оятқаның үшін;

Құтты болсын. Еркектер неге сонша әлсіз басына іс түссе әйелдерін тастап кетеді екен. Ал әйел болса еркегі ауырса асты үстіне түседі. Өмір неге сонша қатал;

Қызы ақылды, Алла болашағын жарқын етсін.

Еске салайық, бұған дейін блогер Ырысбала Икрамбай көпбалалы ананың арманын орындағаны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Анорексия мен булимия деген не?

"Жыламай көру мүмкін емес". Танымал блогер Ырысбала Икрамбай бес жетім балаға зәулім үй сыйлады

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!