Топ-5: көпшілік күтіп жүрген фильмдер

Топ-5: көпшілік күтіп жүрген фильмдер
Фото: instagram.com/dastur.film

Алда көптеген қызықты фильмдер шығады. Massaget.kz қазақстандық көрермендер күтіп жүрген негізгі тұсаукесерлерді ұсынуды жөн көрді. Оның ішінде шетелдік те, қазақстандық та фильмдер бар.

"Дәстүр"
28 желтоқсан 2023 жыл

Топтамамызды қазақша кинолардан бастауды жөн көрдік. Солардың бірі - "Дәстүр" фильмі. Фильмнің қоюшы режиссері - Қуаныш Бейсек. Рөлдерде Алдабек Шалбаев, Ермек Шынболатов, Нұрай Жеткерген, Нұржан Бексултанова, Алдияр Жапарханов, Ануар Баймухаев, Әсет Есжан ойнайды. Фильм хоррор жанрында түсірілген. Сценарий бойынша, зорлық көрген жас қызды дәстүрмен тұрмысқа береді. Жаңа келін отбасының өмірін астан-кестен етеді. Бұл фильмнің трейлерін көрген көпшілік оны асыға күтіп жүр.

"Қазақша бизнес Бразилияда"
28 желтоқсан 2023 жыл

Комедия жанрындағы Нұрлан Қоянбаевтың фильмдері жыл сайын жаңа жыл қарсаңында шығады. Міне, осы дәстүр бойынша, биыл да "Қазақша бинестің" 7-ші бөлімі Бразилияда түсіріліп жатыр. Бұл жайлы Нұрлан Қоянбаев өзінің инстаграм парақшасында хабарлады. "Қазақша бизнестің" бұған дейінгі бөлімдері жыл сайын ең кассалық фильм атанды. Оның 7-ші бөлімін де көпшілік асыға күтіп жүргеніне күмәніміз жоқ.

"Капитан Марвел 2"
9 қараша 2023 жыл

Марвел жанкүйерлерінің күтіп жүрген фильмдерінің бірі - "Капитан Марвел 2". Кэрол Дэнверс өзінің жоғалған күшін қайтарып, Жоғары Санадан кек алады. Алайда оның бұл әрекеті күтпеген салдарға әкеледі: оның күші басқа екі кейіпкердің қабілеттерімен байланысып кетеді. Олар әлемді құтқару үшін бірігіп жұмыс істеуді үйренуі керек.

"Вилли Вонка"
14 желтоқсан 2023 жыл

Бұл кондитер Вилли Вонка және оның жұмбақ шоколадты фабрикасы жайлы қызықты фильм. Чарли Бакетт есімді кішкентай бала осы фабрикаға кіруге мүмкіндік алады, содан соң ол достарымен бірге тәттілер әлеміне тап болады. Олар түрлі қиндықтарға жолығады. Бұл көпшілікке таныс оқиғаны қайта түсірген фильм. Басты рөлді Тимоти Шаламе ойнайды.

"Дюна 2"
15 наурыз 2024 жыл

Бәрін жоғалтқан Пол Атрейдес Арракис тұрғындары - фримендерден қолдау күтеді. Пол олардың дәстүрлерін меңгеріп, шөл далада өмір сүруді үйренуі керек. Харконнендердің билігін ол ғана жоя алады, бірақ Пол тек қорқынышты болашақты көреді. 

"Дюнаның" бірінші бөлімі көпшіліктің көңілінен шықты және олар асыға оның жалғасын күтеді. Фильм көрерменді ерекше стилімен баурап алады, ол фантастика жанрында түсірілген. Басты рөлдерді Тимоти Шаламе мен Зендея ойнайды.

А. Жапатова