Екібастұзда жанжал кезінде күйеуін өлтіріп алған әйелге сот үкімі шықты

Екібастұзда жанжал кезінде күйеуін өлтіріп алған әйелге сот үкімі шықты
Фото: Tengrinews.kz

Екібастұзда өзара жанжал кезінде күйеуін өлтіріп алған әйелге сот үкімі шықты. Олар қаладағы балабақшаның бірінде ұрысып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға ағымдағы жылдың 8 мамырында, шамамен сағат 4:55-те болған. 

Қылмыстық іс материалдарында әйелдің күйеуінің қызмет орнына келгені айтылған. 

"Онда ол мас күйінде болған. Жанжал басталып, жұбайы аяғы ауыр әйелін ұра бастайды. Ол өзін қорғау мақсатында қолына пышақ алып, күйеуінің бірнеше жеріне жарақат салған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Тергеу барысында айыпталуышыны бұған дейін де марқұм күйеуінің бірнеше рет ұрып-соққаны анықталды. Әрі әйел қыркүйек айында босанған", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша әйел кінәлі деп танылды. ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Алайда әйелдің жаңа туған нәрестесі барын қаперге алған сот ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі негізінде тағайындалған жазаның орындалуы 5 жылға кейінге қалдырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан