Астанада сарбаз басына оқ атып, мерт болды

Астанада сарбаз басына оқ атып, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Tengrinews.kz редакциясына Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

"9 қазанда сағат 01.20 шамасында 6636 әскери бөлімнің Теміртаудан келген сарбазы кезекші бөлімшенің құрамында бола отырып, штаттық қарудан басына оқ атқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қызметтік тергеу жүріп жатыр", - дейді Ұлттық ұлан өкілдері. 

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!