Air Astana Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жасады

Air Astana Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: t.me/airastana

Air Astana "Алматы - Тель-Авив - Алматы" бағыты бойынша Израильге рейс жасауды жоспарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 10 қазанда Air Astana әуекомпаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту бойынша Ақтау қаласына қонып, Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша КС–6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр. Алматыдан ұшу сағат 08:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған", - делінген хабараламада. 

Қазір Air Astana әуекомпаниясының ақпараты бойынша Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан әуежайға рейстің келу және ұшу уақытын келісуі күтіледі.

Барлық сұрақ бойынша әуе компанияның help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет. Тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).

Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.

Израиль Ливанға қарсы соққы жасады

Кейінгі дерек бойынша, "ЗАКА" қоғамдық ұйымының еріктілері Израильдің оңтүстігіндегі кибуц Реим электрон музыка фестивалінде 260 адам өлі табылған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек