Дәрігер дәріні екіге бөліп ішудің зияны туралы айтты

Дәрігер дәріні екіге бөліп ішудің зияны туралы айтты
Фото: Болат Айтмолда

Дәріні сындырып, екіге бөліп қабылдауға бола ма? Бұл науқастардың жиі қоятын сұрағы дейді Екатерина Волкова. Маман, егер дәрінің бетінде бөлуге арналған сызық бар болса, оны бөлікке бөлуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі дәрігер Екатерина Волкованың Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Капсула мен дәріні бөлмей, бүтіндей ішу керек. Әйтпесе олар асқазан сөлінің кері әсерінен жойылады немесе асқазанның шырышты қабығына теріс әсер етеді", - деп түсіндірді маман.

Кейбір дәрілердің асқазан сөлінің әсеріне төзімді қабығы бар, ол дәрілер асқазаннан шыққаннан кейін ғана ериді. Егер препарат бөліктерге бөлінсе, мұндай жабын зақымдалады.

Ешқашан бөлуге болмайтын дәрігер:

  • Капсула;
  • Соруға арналған кәмпиттер;
  • TTS - трансдермальды терапевтік жүйелер (оларға, мысалы, ауырсынуды басатын патчтар жатады: оларды ешқандай жағдайда бірнеше бөлікке кесуге болмайды).

Дәріні қолдануға арналған нұсқаулықта рұқсат етілген жағдайда ғана бөліңіз. Егер мұндай нұсқау болмаса, дәріханадағы маманмен немесе дәрігермен кеңесу керек.

Сонымен қатар, дәрігер бір уақытта бірнеше дәрі ішу туралы да айтты. Мұнда дәрілердің үйлесімділігі туралы білу маңызды. Темір, мырыш, мыс препараттары сияқты "тасымалдаушымен" байланысатын немесе бір-бірінің ағзаға сіңуін бұзатын дәрілер бар. Оларды бір уақытта ішуге болмайды.

"Мен сорбенттерге бөлек назар аударғым келеді. Олар өз жолында кездесетін заттарды байланыстырып, шығарады. Сорбентті қабылдау үшін басқа дәріні қабылдағаннан кейін кем дегенде 2 сағат күткен жөн. Оны қабылдағаннан кейін де кем дегенде 2 сағат күтеміз", - деді Екатерина Волкова.

Айта кетейік, бұған дейін дәріні қай уақытта ішу пайдалырақ екені туралы хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ең қырсық жұлдыз белгілері қандай?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә