МӘМС арқылы емделмек болған науқас "жынданып" кете жаздаған - Аймағамбетов

МӘМС арқылы емделмек болған науқас "жынданып" кете жаздаған - Аймағамбетов
Фото: elements.envato.com

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы емделгісі келген науқас жынданып кете жаздағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол МӘМС арқылы көмек дер кезінде алу қиын екенін атап өтті.

"Науқастар бір ай терапевті, одан кейін тағы бейім бойынша дәрігерді күтеді. Содан соңы тағы терапевке келеді. Сондай бір бюрократиялық өте қиын жағдай бар", - деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Асхат Аймағамбетов мәселеге нақты мысал келтіріп, сайлаушылардан келген хатты оқып берді.

"Биыл өз басымнан кеткен қараңыз. Ауырып терапевке жазылдым. Ол онкологқа жіберді. Онкологқа кезек күтіп бардым. Ол анализ тапсыру керек деді. Анализге жолдаманы (направление-еск) тек терапевт береді екен. Қайтадан терапевке жазылдым. Одан жолдама алдым. Онкологқа қайтадан бардым. Ол облыстық ауруханаға жіберді. Ол жаққа тағы жазылдым. Онда барсам, қосымша тағы анализ тапсыру керек деді. Жолдаманы терапевт береді екен. Қайтадан терапевке жазылып, оған қайта бардым. Одан жолдама алып, облыстық ауруханаға бардым. Сөйтіп, 3 ай жүрдім. Сол 3 айда жынданым кете жаздадым" деп жазылған сайлаушының хатында. Бұл - енді айлаушыларымыздың күнділікті көріп отырған осындай қиыншылығы", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина