Тұрақты табысы бар 800 мың қазақстандық МӘМС жүйесіне жарна төлемей жүр - Ажар Ғиният

Тұрақты табысы бар 800 мың қазақстандық МӘМС жүйесіне жарна төлемей жүр - Ажар Ғиният
Фото: elements.envato.com

Бүгінде жалпы 3,3 миллионнан аса адам МӘМС-ке енбеген. Қазақстанда тұрақты табысы бар 800 мың қазақстандық МӘМС жүйесіне жарна төлемей жүр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"5 жыл бұрын заң енгізілгенде әрбір азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде болуы керек еді. 5 жыл болды, алайда 3 миллионнан аса адам осы жүйеге кірмей отыр. Отбасының цифрлық картасы бойынша біз (МӘМС) жүйесінде жоқ адамдардың кім екенін, олардың жеке нөмірі арқылы анықтап, сараптама жүргіздік. Сонда осы адамдардың ішінде 800 мыңы жағдайы жақсы екенін, олардың үйі, тұрақты табысы барын анықтадық. Цифрлық картадан бәрін көруге болады. Олар жүйеге кірмей отыр", - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Ажар Ғиният қаржылық декларация тапсырылғанда бұл адамдарды МӘМС жүйесіне тартуға болатынын атап өтті. Алайда бүгінде тек МӘМС-ті емес басқа да салықты төлемей отыр.

"Сонымен қатар 1,5 миллион адам - бұл кедейлік деңгейінде жүрген көбіне ауылдың адамдары. Сондықтан біз оларды медициналық сақтандыру бюджеттің есебінен болсын деген ұсыныс енгізіп отырмыз. Бұл мәселені сіздермен және Үкіметпен, басқа органдармен талқыланады", - деді ол.

Аяз Есен 

Тағы да оқи отырыңыздар: Сәбіз шырынының қандай пайдасы бар?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!