Израильдегі жағдайға байланысты әуе рейстері тоқтатылды

Израильдегі жағдайға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Фото: vesty.co.il

Израильдегі жағдайға байланысты Air Astana әуекомпаниясының Тель-Авивке рейстері жаңа хабарламаларға дейін тоқтатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әуебилеттерін қайтару не басқа күнге қайта брондау үшін әуекомпанияның көмек көрсету орталығына help.airastana.com хабарласуға болады.

Егер қазір Тель-Авивте болсаңыз, билетіңізді басқа әуекомпаниялардың рейсіне қайта брондау үшін компанияға хабарласу қажет.

Air Astana әуекомпаниясына байланысу жолдары:

  • Көмек көрсету орталығы - help.airastana.com
  • Телефон: Израильге бару-келу мәселелері бойынша жедел желі (24/7):
    +7 (727)244 44 78 (қоңыраулар үшін)
    +7 7027020074 (WhatsApp).

Тель-Авивтегі Қазақстан елшілігінің нөмірлері: кезекші: +972 (3) 741 78 05; ұялы, whatsapp: +972 55 273 38 13; whatsapp: +7 700 111 31 96

Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.

Израиль Ливанға қарсы соққы жасады

Соңғы мәлімет бойынша, Израильдегі шабуылдар салдарынан кемінде 200 адам қаза тауып, мыңнан астамы жараланған. Газа секторында шабуылдардан 232 адам қаза тауып, 1,7 мыңға жуық адам жараланды деп хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина