Ақтауда су жиналатын каналдан өлі табылған спортшы туралы фильм түсірілмек

Ақтауда су жиналатын каналдан өлі табылған спортшы туралы фильм түсірілмек
Фото: Lada.kz

Ақтауда су жиналатын каналдан өлі табылған спортшы Валерия Шальнова туралы фильм түсірілмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, фильм режиссері Қанат Майлыбаев болмақ. Оның сөзінше, режиссермен байланықа жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділ байланысқа шыққан. Ол спортшының өмірі туралы бес минуттық ролик түсіріп, сотта көрсетпек. 

Режиссер Валерия Шальнованың туыстары және адвокатымен кездескен кезде бір сағаттық фильм түсіруді ұсынған. Кездесуге келген адамдар бірден келіскен.    

"Жеке өзіме бұл идея ұнады және фильм түсіру жұмыстарын бастап кетуге дайынмын", - дейді Қанат Майлыбаев.   

Еске салайық, Валерия Шальнованың мәйіті 2 шілдеде таңертең Ақтау іргесіндегі су жиналатын каналдың жанынан табылған. Туыстары суицид нұсқасына сенбейді. Олардың айтуынша, қыздың өліміне кінәлі адам бар, ол ұсталған.

Валерия қоян-қолтық ұрыстан кәсіби түрде жаттыққан. Ол көп жүлдеге ие болып, спорттық жарыстарға қатысқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина