Ақтауда екі оқушының төбелесінен кейін ата-аналары жазаланатын болды

Ақтауда жасөспірімдер арасындағы төбелестен кейін ата-аналары жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

6 қазанда әлеуметтік желіде 27-шағынауданда №35 үй маңында екі жасөспірімнің төбелесіп жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын. Кейінірек видео өшірілген.

Полицейлер олардың жеке басын анықтады. Бұл 15 және 16 жастағы мектеп оқушылары болып шықты.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Жаза ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 24 150 теңге айыппұлды қарастырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз