"Біріңді әйелім, екіншісін тоқал етіп аламын". Егіздер бір отбасыға келін болғысы келетінін айтты

"Біріңді әйелім, екіншісін тоқал етіп аламын". Егіздер бір отбасыға келін болғысы келетінін айтты
Фото: Видеоскрин

Егіздер Ельнара мен Дильнара Байназаровалар болашақта бір отбасыға келін болғысы келетіні туралы "Әйел сұлулығы" youtube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олардың айтуынша,егіздердің арасы 15 минут екен. 

"Бір-бірімізді қатты сезеді деген бізге қатысты айтылмаған шығар. Керісінше, егізім ауырса, екіншісі қуанып жүреміз. Неге олай екенін білмеймін. Бала кезден спортқа екеуміз де қатты қызығамыз. 11-сынып бітірген соң өнер саласын таңдағымыз келді. Бірақ туысқандардың айтуымен, спорт саласына оқуға түстік. Оған еш өкінбейміз", - деді егіздер.

Егіздер қазіргі таңда жұбы жоқ екенін айтты.

"Бір жігіт екеумізді бірдей ұнатып қалған сәттер болды. Тіпті, біреуің әйелім, екіншің тоқалым боласыңдар деді. Хабарламаларды да бірдей уақытта қатар жазатын. "Ренжіп қалмас үшін екеуіңді де аламын" деп айтатындар жиі кездеседі. Негізі егіз балалар бізге ұнамайды. Бірақ бір үйдің екі баласына тұрмысқа шыққымыз келеді", - деді олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы