Air Astana Тель-Авивке рейстерін тоқтатты

Air Astana Израильдегі жағдайға байланысты Тель-Авивке рейстерін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Air Astana әуекомпаниясы кесте бойынша ертеңге жоспарланған Тель-Авивке рейсі Бен-Гурион әуежайының қауіпсіздігі сақталған жағдайда орындалатынын мәлімдеді.

Тель-Авивке кейінгі барлық рейс қосымша ескертуге дейін тоқтатылды. Air Astana сондай-ақ Тель-Авив рейстеріне билеттерді сатуды уақытша тоқтатты. Билеттерді алдын ала алған бірақ Израильдегі жағдайға байланысты сапарларынан бас тартқысы келетін жолаушыларға әуекомпания билеттерді сатып алған жерден толық қайтаруды ұсынады.

"Әуе тасымалдаушысы Израильдегі жағдайды мұқият бақылайды. Рейстердің мәртебесін мына сілтеме арқылы, ал билетті қайтару мәселесі бойынша мұнда хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!