Тұман, найзағай, жел: 8 қазанда елдің басым бөлігінде ескерту жасалды

Тұман, найзағай, жел: 8 қазанда елдің басым бөлігінде ескерту жасалды
Фото: freepik

"Қазгидромет" синоптиктері жексенбіде, 8 қазанда қолайсыз ауа райына байланысты елдің басым бөлігінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 08 қазанда облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с. 08-10 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с. 

Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 08 қазанда облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан