Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 71-медаль түсті

Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы үздік үштікті түйіндеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында көркем жүзуден Қазақстан делегациясының қоржынына қола медаль түсті.

Еркін бағдарламада Ұлттық құрама спортшылары Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина қойылымы үшін 418.6987 ұпай алды. Жарыс қожайыны Қытай жұбы 526.8620 ұпаймен тұғыр төріне шықса, Жапония (489.4288 ұпай) атлеттері күміс жүлдеге қол жеткізді.

Кеше Ясмин мен Арина техникалық бағдарламада 218.1633 балмен 2-орынға жайғасқан. Қазір Қазақстанға 9 алтын, 19 күміс пен 43 қола медаль болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз