"Mercedes-ті молдалар ойлап шығарды". Әлеуметтік желіде белгісіз "имамның" қызық мәлімдемесі тарап жатыр

"Mercedes-ті молдалар ойлап шығарды". Әлеуметтік желіде белгісіз "имамның" қызық мәлімдемесі тарап жатыр
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде белгісіз бір имамның Mercedes көлігін молдалар ойлап тапты деген видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны жүргізуші, журналист Дәнеш Асқарбек желідегі парақшасында жариялаған. Ал видеодағы адам мұны қандай мақсатта айтып отырғаны белгісіз.

"Mercedes-ті Муса алейхи ас саламның, Иса алейхи ас саламның қауымынан шыққан, сол шіркеудегі молдалар істеген екен. Бәрі діндар адамдар екен. Сонда олар "темір кетсе кетсін, адам өлмесін" деп айтқан екен ғой. Жер бетіндегі бірде-бір Президент көрдіңіз бе, Toyota мініп жүрген, Cobalt мініп жүрген?! Nexia мініп жұрген?! Жоқ. Барлығы Mercedes мінеді. Молдалар ойлап шығарды ғой. Адам аман қалсын деді ғой. Шынымен Mercedes-терді қарасаң, таңғаласыз ғой. Сол үшін де молдалар адам ойлайды екен. Міне саған керек болатын болса. Молдалар ойлағанды мініп жатыр Президенттердің бәрі. Неге? "Адамға қауіпсіз" деп", - дейді видеода ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова