Шымкенттегі "Жеңіс" саябағында жылан демалушыларға қауіп төндірді деген хабар тарады

Шымкенттің төтенше жағдайлар департаментінің "112" құтқару қызметіне 6 қазанда сағат 16:56-да хабарлама келіп түскен. Хабарламада Тәуке хан даңғылында орналасқан "Жеңіс" саябаяғында жылан бар екені айтылып, демалушыларға қаупі бар деп айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хабарлама бойынша жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі көрсетілген мекенжай бойынша 6 минут ішінде жетіп, периметр бойынша іздестіру жұмыстарын атқарған. Нәтижесінде саябақ аумағында жылан табылмады.

"Желідегі жарияланған фотосуреттегі жыланның сыртқы ерекшеліктері бойынша бұл қарашұбар жылан. Жыланның бұл түрі адамдарға қауіп төндірмейді. Дегенмен кездескен кезде абай болып, оларға агрессивті күш көрсетудің қажеті жоқ", - деп хабарлады Шымкенттің төтенше жағдайлар департаменті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!