Ақмола облысының тұрғынынан заңсыз қару анықталды

Ақмола облысының тұрғынынан заңсыз қару анықталды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының тұрғынынан заңсыз қару анықталды. Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде облыс орталығының 41 жастағы тұрғынының гаражынан 5,6 калибрлі ТОЗ тіркелмеген шағын калибрлі мылтық тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне ЖПІШ барысында, Көкшетау қаласының тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпараты келіп түскен.

"Сол күні ПД ҰҚҚКБ криминалдық полиция бөлімшесімен бірлесіп, Бұланды ауданының аумағында Niva автокөлігінен жергілікті тұрғынның басқаруымен тіркелмеген ұсақ калибрлі мылтық табылып, тәркіленді. Екі факті де ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы