Астанада такси жүргізушісі шетелдіктерді 150 метр жерге апарғаны үшін 500 теңге алған

Астанада такси жүргізушісі шетелдіктерді 150 метр жерге апарғаны үшін 500 теңге алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана станциясының теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде көлік полицейлері қаланың 50 жастағы тұрғынын анықтады, ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған. Ер адам жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан "Сапаржай" автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.

Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 1-бөлігі ("Қоғамдық орындарда тиісу") және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігі ("Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз