Храмда жалаңаш медиация жасаған туриске іздеу жарияланды

Индонезияда Бали аралының билігі шетелдік туриске іздеу жариялады. Ол ғибадатхана аумағында жалаңаш отырып, медитация жасаған. Оның әрекеті қоғамның наразылығын тудырып, видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. 

Шенеуніктердің айтуынша, мұндай әрекет - жергілікті мәдениетке деген құрметсіздік.

"Полиция оның кім екенін анықтады, алайда оның ұлты не аты-жөні әлі жарияланбады. Ол іздеуде жүр", - деп жазды Actual News Magazine басылымы.

Құқық қорғау органдары өкілдері онымен әлеуметтік желі арқылы байланысқа шықпақ болған, алайда бұл қадам нәтиже бермеген.

Шенеуніктер осы жағдай бірнеше рет қайталануына байланысты, жергілікті мәдениетті сыйламайтын туристерді енді қатаң жазалауды көздеп отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!