Жансақтауға түсу қаупі бар: ұйқы безіне зиян тағамдар аталды

Жансақтауға түсу қаупі бар: ұйқы безіне зиян тағамдар аталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Дәрігер, гастроэнтеролог Диляра Лебедева ұйқы безінің дұрыс жұмыс істемеуі панкреатитке, яғни оның қабынуына және асқазан-ішек жолдарының проблемаларына, қант диабетіне де әкеп соғуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан тамақтанғаннан кейін пайда болатын жағымсыз әсерге бей-жай қарамау керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

"Тамақтанғаннан кейін ауырсынсаңыз, бұл ұйқы безіне мұқият қарауыңызға, гастроэнтерологқа баруыңызға себеп болады", - дейді Диляра Лебедева.

Ұйқы безі неге жауап береді?

Оның негізгі міндеттеріне маңызды гормондар мен ферменттер өндірісі кіреді:

  • инсулин гормоны (қажет болған жағдайда қандағы глюкозаны төмендетеді);
  • глюкагон гормоны (қажет болған жағдайда қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады);
  • тағамды қорытуға арналған ферменттер.

Гастроэнтеролог ұйқы безінің дұрыс жұмыс істемеуінен қандай әсер туындайтынын айтты:

  • жүрек айнуы;
  • құсу;
  • нәжістің бұзылуы;
  • ісіну, т.б.

Дәрігер кейбір тағамдар ұйқы безіне өте қауіпті екенін, тіпті жансақтауға түсіруі қаупі бар екенін жеткізді. Сонымен ең қауіпті үш комбинация:

  • ішімдік, тұшпара, ащы қыша немесе сірке суы;
  • барбекю, ыстық тұздық және ішімдік;
  • пепперони пиццасы және сыра.

"Өмір бойы созылмалы панкреатиттен емделгіңіз келмесе, ешқашан майлы, ащы тағамдарды және ішімдікті бірге тұтынбаңыз", - деп кеңес берді гастроэнтеролог.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова