Адам күн сайын 100 грамм картоп жесе, қанша келі салмақ қосады?

Адам күн сайын 100 грамм картоп жесе, қанша келі салмақ қосады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Талшықтар - адам ас қорытуы үшін маңызды элемент. Бұл аштықты мүмкіндігінше ұзақ сезінбеуге көмектеседі, тағам сіңіп, қорытылуына сеп болады, ішектерді тазартады, салмақ тастауға ықпал етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Жемістер мен көкөністер талшықтарға бай. Сондай-ақ, олардаадам сау әрі әдемі болуына көмектесетін көптеген дәрумен, минерал бар. Жемістер мен көкөністерді жеу маңызды саналғанымен, бәріне тепе-теңдік қажет.

Эндокринолог Зухра Павлованың айтуынша, кейбір жемістер мен көкөністер салмақ тастауға көмектеседі, бірақ кейбіреулері тек салмақ қосады. Басылым мәліметінше, ғалымдар мыналай тұжырым жасаған:

  • Күніне 100 грамм картоп, бұршақ немесе жүгеріден 2,6 келі салмақ қосылады;
  • Күніне 100 грамм жеміс салмақты 1,6 келіге азайтады;
  • Құрамында крахмал жоқ 100 грамм көкөніс салмақты 3 келіге төмендетеді.

Басылым мәліметінше, бұл - орташа статистика. Себебі әр адамның жеке ерекшеліктері болады. Оның үстіне жынысы, жасы әртүрлі екенін, созылмалы аурулары болуы мүмкін екенін де ескеру керек.

Сарапшылар салмағын сақтап, тіпті салмақ тастаған адамдар қандай көкөністерді жиі жегенін анықтаған:

  • қызанақ;
  • қияр;
  • баялды;
  • брокколи;
  • тәтті бұрыш;
  • қырыққабаттың барлық түрі;
  • көк шөптер.

Тағы да оқи отырыңызда: Ауыздан неге жағымсыз иіс шығады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова