Ер адам ішімдікті қарызға бермеген сатушыдан кек алмақ болған

4 қазан күні түскі уақытта Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаментіне бейтаныс ер адам қоңырау шалып, Қарасай ауданы Абай ауылындағы дүкендердің бірінде жарылғыш құрылғы орнатылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жалған хабар берген 35 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады.

Ұсталған адамның айтуынша, ол дүкеннен қарызға ішімдік сұраған, өтінішін орындаудан бас тартқан сатушыға ызаланып, 112 нөміріне қоңырау шалып, дүкенде бомба бар екенін хабарлаған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бойынша тіркелді. Баптың санкциясы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!