Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы тіркелді

Бүгінде Қазақстанда коронавирустың "Эрис" штамы тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кейінгі зерттеу дерегіне сәйкес Қазақстанда "Эрис" омикрон штамы тіркелді. Қазір әлемдегі барлық ел мен аймақта омикронның жаңа штамдары тіркеліп жатыр. Коронавирус айналымы кезінде мутация пайда болады. Ай сайын ДДСҰ әлемде көптеген түрлі штамды тіркейді", - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ажар Ғинияттың айтуынша, жаңа штамды көбіне қарттар жұқтырған.

"Штамм қандай болса да, клиникалық көрініс біртіндеп өзгереді. Ауру орташа немесе жеңілге ауысады. Қазір тек 35 адам стационарлық деңгейде емделіп жатыр. Олардың арасында қосымша аурулары бар қарт көп", - деді ведомство басшысы.

Аяз Есен 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз